2014 жылғы 30 қазан, Астана қаласы
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекiту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-18) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңда белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген соң күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi басылымдарда және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялау үшiн жiберудi;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығымен бекітілген
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк өртке қарсы қызметі
бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде өрт сөндiру бекеттерiн құру,
оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары
1. Осы Қағидалар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде (бұдан әрi - қорғалмаған елдi мекендер) өрт сөндiру бекеттерiн құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру тәртiбiн айқындайды.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар өрт сөндiру бекеттерiн қорғалмаған елдi мекендерде кезекшi ауысымға, өрт сөндiру автомобилiне арналған, телефон байланысымен, электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етiлген үй-жайлары бар ғимараттарда құрады.
3. Тиiстi әкiмшiлiк аумақтарда өрт сөндiру бекеттерiн құру, олардың қызметiн ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету әкімнің шешiмi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.
4. Өрт сөндiру бекеттерi осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өрт-техникалық жабдық пен жарақтың ең аз санымен жасақталған өрт сөндiру автомобилiмен немесе өрт сөндiруге бейiмделген жылжымалы техникамен жарақталады.
5. Өрт сөндiру автомобилi жанар-жағармай материалдарымен және өрт сөндiргiш заттармен қамтамасыз етiледi, олардың қорын жергiлiктi атқарушы органның келiсiмі бойынша өрт сөндiру бекетiнiң басшысы айқындайды.
6. Өрт сөндiру бекеттерiнiң жұмыс iстеуi үшiн ерiктi өрт сөндiрушiлер, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес баска да адамдар тартылады.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларына қосымша
Өрт сөндіру автомобиліне өрт-техникалық
жабдық пен жарақтың
ең аз тізбесі
№
р/с Жабдық пен жарақтың атауы Өлшем бірлігі Саны
1 2 3 4
1 Сорғыш түтік, ұзындығы 4 м, диаметрі 125 мм дана 2
2 Сорғыш түтік, ұзындығы 4 м, диаметрі 75 мм дана 2
3 Тегеурінді түтік, гидранттан жұмыс істеу үшін латексті, ұзындығы 4-5 м, диаметрі 77 мм дана 2
4 Тегеурінді түтік, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 66 мм дана 10
5 Тегеурінді түтік, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 51 мм дана 6
6 Тегеурінді түтік үшін СВ-125 торы, ұзындығы 12 м жібімен дана 1
7 РТ-70 (РТ-80) 3-тармақты тарамдалу дана 2
8 СВ-125 қақпашалары бар түтікті су жинағыш дана 1
9 Өрт бағаны дана 1
10 РСК-50 оқпаны дана 4
11 Лафетті жылжымалы оқпан дана 1
12 Орташа еселікті көбік генераторы ГПС-600 дана 2
13 Көлденең ара дана 1
14 Таяқ-саты дана 1
15 Ұзындығы 2,5 м металл багор дана 1
16 Сүймен дана 1
17 Ағаш ұстасының балтасы дана 1
18 Жеңіл өрт ілмегі дана 1
19 Сүйір күрек дана 1
20 Ағаш қораптағы ағаш кесетін қол ара дана 1
21 Электр желілерін кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде:
диэлектрлік тұтқасы бар қайшы дана 1
диэлектрлік қолғап жұп 1
диэлектрлік боты жұп 1
диэлектрлік кілемше дана 1
22 Электрлік топтық фонарь дана 1
23 Автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы жиынтық 1
24 Автомобильдік радиостанция дана 1
25 Сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғысы дана 1
1 2 3 4
26 Өрт сөндіру автомобиліндегі бөлімшенің құрамына кіретін бір жұмысшыға арналған жеке жарақ, оның ішінде:
өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі жиынтық 1
өрт сөндірушінің етігі жұп 1
өрт сөндіру каскасы дана 1
өрт сөндіру құтқару белбеуі дана 1
өрт сөндіру карабині дана 1
өрт сөндіру балтасы дана 1
өрт сөндіру балтасының кобурасы дана 1
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 5 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9928 болып енгізілді.